«Тайынша қаласының № 2 орта мектебі» КММ-де жұмыс жиыны өтті. Жиын дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Оқушылар Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 34 жылдығына арналған батылдық апталығы аясында мектеп іс-шараларына қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.